Мұғалімдер мен медиктердi стадионға жинап, сағат 7-00-ден 23-00-ге -дейін футбол көретін көрермендер жоқ, соған сендер барасыңдар, - депті.
Мұғалімдер мен медиктер үндемей барыпты. Содан бұларды тағы бір-екі жерге жіберейік депті. Оған да үндемей барыпты. Жіберіп жатқан әкімшіліктер:
"Бұларды қайда жіберсе де бара береді екен ғой, сонда бұлардың ішінде бірде-біреуі де қарсы шықпай ма?" - депті де, тағы да жинап: "Сендерді ертең дарға асамыз! Бәрің ертең стадионға жиналыңдар!" - депті.
Сонда біреуі қол көтереді.
Жаңағылар "Е, бұлардың да қарсы шығып сөйлейтіндері бар екен ғой!" - деп қуаныпты. Ал "Айтсыншы", деп сөз беріпті. Сонда жаңағы қол көтерген адам:
"Ертең жіпті өзіміз әкелейік пе? Жоқ өздеріңіз бересіздер ме?"-деген екен.
Күліп отырып жылағың келетін АНЕКДОТ. Себебі,
Өлмейтін мамандығымен
Өлімшi болған - Мұғалім...
Өрнегін ойып бiлiмнiң,
Өнеге болған - Мұғалім...
Оқылмай жатқан газеттің,
Оқырманы - Мұғалім...
Адам бармас концертке,
Шақырғаны - Мұғалім...
Дөкей-дөкей Депутат
Шабарманы - Мұғалім...
Сайлау менен жиналыс
Қадалғаны - Мұғалім...
Тентек болса оқушы
Таяқ жейтін - Мұғалім...
Қатал өмір заңына
Мойымаған - Мұғалім...
Жасай берсін - Мұғалім......!!!!!